ШҚО құтқарушыларымен екі өрт сөндірілді және орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда

ШҚО құтқарушылары өрттен 50 тонна пішенді аман алып қалды және жер үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.  

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 маусымда Ұлан ауданы Герасимовка ауылының Аршалы қыстағында ашық аумақта пішен өрті болды. 20 тонна (80 бума) пішен өртенді. Құтқарушылардың және шаруа қожалықтың жедел әрекеті арқасында 50 тонна пішен оттан аман қалды. Тілсіз жауды жоюға 11 адам, 2 бірліктегі өрт сөндіру техникасы және шаруа қожалықтан 2 бірліктегі трактор жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі – найзағайдың түсуі.

Глубокое ауданы Белоусовка кентінде Маяковский көшесінде салынып жатқан үйдің ауласындағы 1955 жылы салынған жер үйдің төбе жабындысы өртенген. Құтқарушылармен 100 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Мамандардың болжамы бойынша, өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Еске сала кетейік, бұған дейін Семейде ірі орман өртінің беті қайтпай жатқанын және тілсіз жауды ауыздықтауға 400-ге жуық адам және 85 бірліктегі техника жұмылдырылылғанын хабарлаған болатынбыз.

Abai Aqparat.kz

Related Articles