Атақты қазақстандық футбол жұлдыздары Семейдегі референдумда дауыс берді
Бүгін барлық саланың, жас пен кәсіптің өкілдері дауыс береді. Семейдегі сайлау учаскелерінде Қазақстанның атақты футболшылары өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
«Біз Семейге Андрей Карповичтің достарының жолдастық кездесуіне келдік. Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Соңғы рет елімізде референдум осыдан жиырма жыл бұрын болды. Бүгін әр азаматтың оқиға барысына әсер етуіге, өз елінің тағдырын өзгертуге мүмкіндігі бар.Сондықтан біз мүмкіндікті пайдаланып, Семейдегі сайлау учаскесінде дауыс бердік», — деді қазақстандық футболшы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория.
Біздің жерлесіміз, атақты қазақстандық футболшы Самат Смақов та өз таңдауын жасады.
«Мен Семейге жиі келуге тырысамын, бұл жерде менің жақын туыстарым тұрады. Абай облысы құрылады деген жаңалық жанкүйерлердің көңіл күйін өзгертті, бәрі өте қуанышты, «Елімай» командасының қайта жаңғыртылуын күтуде. Уақыт жетіспеушілігіне қарамастан біз дауыс беруге келдік, себебі бұл біздің азаматтық міндетіміз. Қазақстан жақсы жаққа өзгереді деп ойлаймын», — деді Самат Смақов.
Қазақстандық спортшы, Семей қаласының тумасы Андрей Карповичте дауыс берді.
«Кеше біз көлемді футбол фестивалін өткіздік. Нағыз мереке болды. Ауа-райы және атмосфера керемет болды. Бүгін тарихи күн. Конституцияға өзгеріс енгізу әрбір азаматқа өзін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мен өз туған қаламда дауыс бергеніме өте қуаныштымын. Азаматтық ұстаным болғаны өте маңызды, мен нені қалайтынымды білемін және түсінемін, референдум бізге үлкен мүмкіндіктер береді», — деп түйіндеді Андрей Карпович.
Abai Aqparat.kz