Абай облысының әкімі болып Бақытжан Байахметовты тағайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Бүгін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 8 маусым күні Бақытжан Байахметовты Абай облысының әкімі етіп тағайындайды деген жалған ақпарат таратылуда. Естеріңізге сала кетейік, ертең Мемлекет басшысының Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарын құру туралы Жарлығы күшіне енеді. Әлеуметтік желі қолданушылары жаңа облыстың әкімі кім болатындығын қызу талқылауда. AbаіAqparat.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Бақытжан Байахметовпен байланысқа шықты. «Менің облыс әкімі лауазымына тағайындалуым туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен бұрынғыдай Семей қаласының әкімі болып қала беремін», — деп жауап берді Семей қаласының әкімі.

Abai Aqparat.kz

Related Articles