ШҚО-да қауіпсіздік белбеуінсіз жолаушы тасымалдаған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Алтай» тас жолында көліктегі жолаушысы қауіпсіздік белбеуін тақпай, автокөлік төбесіндегі люктен басын шығарып тұрғаны үшін көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 12 маусымында сағат 12:05 шамасында «Toyota Grand Hiace» көлігін басқарған 38 жастағы жүргізуші «Өскемен-Алтай» тас жолында қауіпсіздік белбеуін тақпаған жолаушыны тасымалдаған. «Toyota Grand Hiace» көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 593-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Abai Aqparat.kz