Семейде «Саяжай» профилактикалық іс-шарасы өткізілді
Семейде 2022 жылғы 11 маусымда саяжай массивтерінің аумағында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Саяжай» профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара аясында ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша аралау, жастар көп жиналатын орындар мен азаматтық қару иелерін тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, тұрғылықты жері бойынша-95 адам, оның ішінде профилактикалық есепте тұрған 18, тізімдік есепке алу бойынша 77 адам тексерілді.
«Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 9 тұлғаға ҚР ӘҚБтК 492-бабы (тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Ертіс өзенінің саяжай алабына іргелес маңдағы демалушыларға арнайы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, онда ҚР ӘҚБтК 364 бабы (ортақ су пайдалану ережелерін бұзу) нәтижесінде 3 әкімшілік хаттама толтырылды.
«Саяжай»профилактикалық іс-шарасы шеңберінде әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке 42 тұлға тартылды», — делінген баспасөз хабарламасында.
Abai Aqparat.kz