ШҚО-да пәтер өртінен екі бала зардап шекті

Өскемен қаласында электр жүйесіндегі ақауға байланысты көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, зейнеткер мен екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 маусымда Өскеменде Промышленная көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Пәтердегі тұрмыстық техника мен жиһаздар,  жеке заттар өртенген.

«Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 2011 және 2014 жылы дүниеге келген екі балаға және олардың 1959 жылғы әжесіне алғашқы көмек көрсетіп, улану белгілерімен ауруханаға жеткізді. Құтқарушылармен 20 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі — электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау», — делінген баспасөз хабарламасында.

Abai Aqparat.kz

Related Articles