ШҚО-да мас жүргізуші қамауға алынды
ШҚО-да көлік жүргізу құқығынан айырылған, қайтадан масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 маусымда Өскемен қаласында көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра, масаң күйде қайта рөлге отырған жүргізуші ұсталды. Сол күні сағат 23:30 шамасында көшелерді патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 37 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-21144» көлігін тоқтатқан.
«Полиция қызметкерлерімен жүргізушінің 2021 жылғы наурызда сот шешімімен 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Сонымен қатар, куәландыруға сәйкес, жүргізуші «орташа дәрежеде» алкогольдік мас күйінде болған.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 346-бабы 1-бөлігі – «көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері шығысқазақстандық полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылған 67 мас жүргізушіні ұстады, олардың 60-ы қамауға алынды.
Abai Aqparat.kz