Семейлік депутаттар баспанасыз қалған тұрғындарға көмек көрсетуде

Семейлік депутаттар мен кәсіпкерлер электр сымындағы ақауға байланысты үйі өртеніп, баспанасыз қалған Сәуле Сыздықоваға көмектесті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Сәуле Сыздықованың үйі электр сымдарындағы ақауға байланысты өртеніп кеткен болатын. Қызыл жалын тұрғын үй ғана жалмап қоймай, сонымен қатар отбасын үй жануарларынсыз қалдырды.

«Осы жылдың 16 сәуірінде өрт болды. Үйіміз және барлық шаруашылық құрылыстарымыз өртеніп кетті. Олардың бәрін бұзуға тура келді», — дейді С.Сыздықова.

Баспанасыз қалған отбасына кәсіпкерлер, AMANAT партиясынан облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Досқұжанов және қалалық мәслихаттың депутаты Жұмабек Ибраев қолдау көрсетті. Олар отбасына болашақ жаңа үйге қажетті құрылыс материалдарымен көмектесті.

«Мен депутаттардың көмегіне жүгіндім, олар көмек қолын созды. Оларға алғысымды білдіріп, зор денсаулық тілегім келеді. Қазір біз жаңа үйдің іргетасын құйып қойдық, жақында қабырғалары болады. жаздың ортасында жаңа үйге қоныстанамыз деп ойлаймын», — деді Сәуле Сыздықова.

AMANAT партиясының депутаттары дәл осындай көмекті семейлік Қалия Есекееваға көрсетті. Олар жаңа құрылысқа қатысты құрылыс материалдарын жеткізіп берді.

«Сәуірде AMANAT партиясының қалалық филиалына көмек сұрап жүгіндім. Әсемқан Досқұжановақа және Жұмабек Ибраевқа көрсеткен көмектері үшін көп рахмет», — деп алғысын білдірді Қалия Есекеева.

Abai Aqparat.kz.

Related Articles