Семейде көрші қожалықтың 36 ұсақ малын ұрлаған малшы қамауға алынды

Семейде шаруа қожалығының қызметкері көрші шаруа қожалығынан 1,5 миллион теңгенің малын ұрлаған, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 мамырда Семей қ.ПБ Әуезов ПБ «102» жедел арнасына 46 жастағы шаруа қожалығының басшысынан өтініш келіп түсті. Жәбірленуші өткен жылдың маусым айының ортасында белгісіз біреулер еркін жайылымнан 36 бас ұсақ малды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген залал шамамен 1 500 000 теңге сомасына бағаланды.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Мал ұрлығына көрші шаруашылықтың 54 жастағы қызметкері қатысты екені белгілі болды, ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ведомство хабарламасында.

Abai Aqparat.kz

Related Articles