Абай облысының әкімі Семей қаласының жылу маусымына дайындығын тексерді

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев ЖЭО орталығына барды. Облыс басшысы ЖЭО басшылығынан нысанның жұмыс істеп тұруына бөлінетін қаражат мәселесін сұрады, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Облыс әкімі бұл жерде орын алған  проблемалық мәселелерді атап өтті, бұлар – қаржыландыру мәселесі және техникалық тұрғыдағы мәселелер.  Жекелей алғанда, соңғы жылдары кәсіпорын қиын қаржылық тапшылық көруде, жыл сайын тарифтік өзгерістер, уақытылы төленбеулер қаржылық қиыншылық туғызуда, бұл өз кезегінде кәсіпорынды көптеген шығанға ұшыратып, несиелік қарыздың өсуіне әкеп соғуда.

Алдағы жылу маусымына ЖЭО дайындау үшін 3,806 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде екі қазандықты қайта қалпына келтіруге 2,002 млн теңге бөлінді.

14 жылу көздеріне 630,6 млн теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тарифте көрсетілген жеке қаражат есебінен, жылу көздерін және жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті материалдарды және жабдықтарды алу үшін 594,3 млн теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қазандықтардың сенімділігі артады деп күтілуде.

Нұрлан Ұранхаев РК-1 қазандығының жұмысымен танысты. Бұл жерде турбиналар қосылуға дайын.

«Қазіргі таңда турбиналар тұр, олар резервте, қосылуға дайын жағдайда. Өзіміз үшін электр энергиясын өндіре аламыз. Турбиналар жаңа, әлі пайдаланылмаған», — деді қазандықтың бастығы Ержан Кабиев.

«103» және «Орталық» қазандықтарының арасына серпігіш орнатылды, ревизия жүргізілді. Кәсіпорын бойынша 250 камера орнатылды және ЖЭО орталықтандырылған жүйесіне қосылды.

«Көмірді жеткізу үшін «Қаражыра» кәсіпорнымен жұмыс істейміз. Қазандықтар үшін көмірді мұқият іріктеп аламыз», — деп мәлімдеді облыс әкіміне «103» және «Орталық» қазандықтарында.

Облыс әкімі көтерілген мәселелерді жеке бақылауына алуға уәде берді және алдағы жылу маусымына түпкілікті дайын болуға тапсырма берді.

Abai Aqparat.kz

Related Articles