Абай облысының әкімі алдағы жоспарларымен бөлісті
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қала нысандарын аралап, журналистермен алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Сонымен қатар, облыс басшысы барлығы уақыт еншісінде екендігін, қала тұрғындарының өмірі жақсы жаққа өзгеретінін атап өтті.
«Сұрақтар көп жинақталды. Алайда, барлығы бірден өзгермейді. Барлығы уақыт еншісінде. Бірақ біз мүмкіндігінше тез жұмыс атқарамыз. Біздің тұрғындардан кері байланыс күтемін. Әлеуметтік желілерде арнайы парақша аштық. Сізді толғандырған мәселелерді сонда жазыңыз. Бірлескен жұмыс жүргіземіз. Кез келген уақытта байланыста боламын», — дейді Нұрлан Ұранхаев.
Әкім Семейді жылумен қамтамасыз ету іргелі мәселелердің бірі деп санайды.
«Бүгін нысандарды аралап шықтым. Әрине, проблемалар бар. Бұл жылыту мәселесіне қатысты. Қазіргі уақытта жылумен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгін ЖЭО-1 қазандықтарға сүзгі орнату мәселесі көтерілді. Ол әлі де мамандармен талқыланады. Жылыту маусымы басталғанға дейін жұмыстар аяқталады. Оң жағалауда ЖЭО құрылысы 2007 жылы басталды. 5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді, бірақ құрылыс тоқтатылды. Менің ойымша, ЖЭО-3 құрылысы-біздің бірінші кезектегі міндетіміз. Менің ойымша, бұл біздің қаламызға қажет. Орталық саябаққа келетін болсақ, мұның бәрі де шешілуде. Тағы бір мәселе- қоқыс мәселесі. Бірақ егер адамдар қоқысты жинаса, өздеріне жауапкершілік алса, барлығы жақсы болар еді», — дейді облыс әкімі.
Алайда, облыс басшысы жоспардағы ауқымды өзгерістер жайлы қорытынды жасауға асықпайды.
«Мен Семей қаласының тұрғынымын, оның үстіне мен осы қаланың тумасымын. Облыс әкімдігінің орналасуына келетін болсақ, екі әкімдік те (облыстық және қалалық) оң жағалауда болуы керек деп санаймын. Біз бір-бірімізге жақын жерде орналасуға тырысамыз. Облыстық әкімдіктің басқару құрылымы мәслихаттың шешімімен тіркелуі және бекітілуі тиіс. Бұл бір айдың ішінде болады деп ойлаймын», — деп сендірді облыс әкімі.
Нұрлан Ұранхаев сондай-ақ қаланың келбеті өзгеретінін атап өтті.
«Сәулет-құрылыс қызметі туралы заң бар. Барлық облыс орталықтарына қолданылатын дизайн-код бар. Дизайн код-бұл әр әзірлеуші білуі керек жазылмаған ережелер. Мысалы, пәтер сатып алғанда, сіз оны өз қалауыңызша әрлейсіз. Сондықтан уақыт өте келе ол әдемі болады. Біздің қаламен де солай болады, маған сеніңіз. Тарихи даму бойынша бізде де белгілі бір ойлар бар.. Егер қала тұрғындарының ұсыныстары мен ойлары болса, біз міндетті түрде қарастырамыз», — дейді Нұрлан Ұранхаев.
Ол сондай-ақ, облыс әкімі лауазымына тағайындалған сәттен бастап инвесторлар оған бірнеше рет жүгінгенін атап өтті.
«Инвесторлар жиі жүгінеді. Негізінде инвесторларға біздің есігіміз ашық. Біз оларды барынша қолдаймыз және барлық мемлекеттік мүмкіндіктерді пайдаланамыз», — деп түйіндеді Нұрлан Ұранхаев.
Abai Aqparat.kz