Абай облысы: Алакөлден Семейге жыққан рейстік автобус аударылды

Алакөлден Семейге бағыт алған 14 жолаушысы бар автобус аударылды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 маусымда сағат 04:50 шамасында «Setra-S» маркалы «Алакөл-Семей» рейстік автобусының 56 жастағы жүргізушісі Жарма ауданында көлікті басқара алмай, автобустың аударылуына жол берді. Автобус салонында 13 жолаушы және екінші жүргізуші болған. Барлық жолаушыларға медициналық көмек көрсетілді, аталған көліктің жүргізушісі аурухаға жатқызылды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабалданады», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Abai Aqparat.kz

Related Articles