Абай облысында орман өртенуде
Абай облысында «Семей Орманы» резерватында орман өртенуде, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бесқарағай ауданында Жетіжар ауылынана 30 шақырым жерде, «Семей Орманы» резерватында, Долон филиалында орман өртенуде.
«»Орман алқабындағы құрғақ шөп, ағаштар өртенуде. Өрттің жалпы аумағы — 20 Га. Тұрғылықты мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіруге облыстық департаменттің жеке құрамынан 11 қызметкер және 3 бірліктегі техника, орман шаруашылығынан 30 жұмысшы және 11 бірліктегі техника жұмылдырылды», — делінген баспасөз хабарламасында.
Тілсіз жаумен күреске қосымша Семей қаласынан 11 адам және 4 бірліктегі техника жолданды.
Abai Aqparat.kz