ШҚО-да 2 альпинист мерт болды
ШҚО Катонқарағай ауданындағы Белуха тауында 2 альпинист мерт болды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 маусым күні сағат 10 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Көккөл көлі ауданындағы Белуха Тауында 4 альпинист туристердің тауға шығу жолын нығайту жұмыстарын жүргізу кезінде қар көшкінінің астында қалды деген шақырту түскен.
«Апат салдарынан 1992 жылы туылған ҚР азаматы және 1988 жылы туылған Ресей Федерациясының азаматы қайтыс болды. Сондай-ақ 1990 жылы туған бағы бір азамат зардап шеккен. Одан бөлек 32 жастағы бір альпинист аман қалды. Жетуі қиын жерлерге ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жіберілді. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалықтап тұрып, құтқарушылар тікұшақтан түсіп қаза болғандарды бортқа шығарды. Ал жарақат алған ер адамға апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті», — делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, баспасөз қызметі тікұшақпен құтқару жұмысы 3000 метр биіктікте жүргізілгенін және әуе кемесі бірнеше рейс жасағанын хабарлап отыр.
Abai Aqparat.kz