Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Восход кентінің тұрғындарымен кездесті

Восход кентінің аумағын абаттандыруды және күл-шлак қалдықтары полигонының тағдырын шешуді сұрады, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz. 

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев кентке барып, шеткері жерлердегі проблемалармен танысты. Абаттандыру, жарықтандыру бойынша жұмыстардың бір бөлігі осы жерде жүргізілді. Мысалы, өткен жылы футбол алаңы бар көпфункционалды алаң орнатылып, мектеп салынды. Биыл балалар алаңы орнатылды. Жергілікті тұрғындар сумен қамтамасыз ету, балабақша салу және полигонның орнын ауыстыру мәселелерін шешуді күтуде.

Әкім бейінді бөлімдерге қала маңын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін мәселені зерделеуді тапсырды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles