ШҚО тұрғыны үйінде жарты келіге жуық есірткі сақтаған
Алтай ауданының тұрғыны өз үйінде жарты келі есірткі сақтаған, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 маусымда «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Алтай ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері өз үйінде есірткі заттарын сақтағаны үшін күдікті Серебрянск қаласының 47 жастағы тұрғынын ұстады.
«Тінту барысында тұрғылықты жері бойынша өсімдік тектес заты бар 3 банка, қоңыр қабаты бар бірнеше бөтелке және өсімдік тектес заты бар бір полиэтилен пакет алынды, сонымен қатар полицейлер 39 гүлді өсімдік бұталарын тапты.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, өсімдіктер қарасора тұқымына жатады — салмағы 95,05 грамм «каннабис» есірткісі, тәркіленген банкаларда 430 грамнан астам кептірілген марихуана сақталған, полиэтилен пакетте тағы 20 грамм ұқсас зат болған», — делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар полиция хабарламасында ұсталған адам өз кінәсін мойындағаны айтылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296 — бабы 2-бөлігі -өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Abai Aqparat.kz