Семейде суға батып бара жатқан бойжеткенді құтқарып қалған матрос марапатталды

Суға батып бара жатқан бойжеткенді құтқарып қалған «Шоқан Уәлиханов» теплоходының матросы марапатталды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Семей қ. ТЖБ баспасөһз қызметінің хабарлауынша, бүгін Семей қалалық ТЖБ кризистік орталығында басқарма бастығы Ернар Жалелов «Шоқан Уәлиханов» теплоходының матросы Павел Панаринге алғыс хат табыстады.

Еске сала кетейік, 24 маусымда Павел Панарин Ертіс өзеніне батып бара жатқан бойжеткенді көріп, дереу көмекке келді. Ол зардап бойжеткенге құтқару шеңберін лақтырып, келген құтқарушылармен бірге қызды қайыққа отырғызып, оны жағаға аман-есен жеткізген болатын.

Abai Aqparat.kz

Related Articles