Жеңгетайлықпен айналысқан ШҚО тұрғыны ұсталды

Облыс орталығында жеңгетайлықпен айналысқаны үшін сауна әкімшісі ұсталды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының ортасында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемендегі сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісін анықтады. 23 жастағы сауна әкімшісі күдікпен ұсталды, ол қосымша табыс табу үшін саунаға келушілерге «махаббат қызметкерлерін» шақырған. Оқиға орнынан 26 000 теңге көлемінде ақша тәркіленді.

Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles