Семейде қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерден кейін 3 адам сотталды
Семейде қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерден кейін 3 адам сотталды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласындағы қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 3 адам сотталды.
3 күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды және олар сотқа берілді. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасаған («жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу», сондай-ақ, «билік өкіліне қатысты күш қолдану»).
«Семей қаласының №2 соты күдіктілер мен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы арасында жасалған процетік келісіміне сәйкес, сондай-ақ, ізгілік қағидаттарын басшылыққа алып, толық өкінгендерін және келтірілген залалды өтегенін ескеріп, 3 адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес үкім шығарды.
Сотталғандардың кінәсі негізінен қылмыс жасалған жердегі бейнежазбалармен, куәгерлердің көрсетпелерімен, сондай-ақ алынған заттай айғақтармен дәлелденеді», — делінген баспасөз хабарламасында.
Қалған қылмыстық істер өндірісте және аяқталу сатысында, дәлелдемелерді жинау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Abai Aqparat.kz