Абай облысының әкімі Ақсуат ауданындағы ауыл шаруашылық нысандарында болды

Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев Ақсуат ауданының ауыл шаруашылық дамуымен танысты, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Өңір басшысы Ақсуат ауылындағы «Ырқыбай» шаруа қожалығына барды.

Шаруа қожалығы осыдан жеті жыл бұрын – 2015 жылы тіркелген. Оның құрылысы 2018-да басталды. Шаруашылықтың негізгі бағыты — мал шаруашылығы.

2017 жылы шаруашылық мемлекеттен жалпы ауданы 6 гектарды құрайтын бордақылау алаңын салуға 300 миллион теңге алды, сондай-ақ 360 басқа арналған екі сарай және ірі қара малды тіпті қыста бордақылайтын 6 ашық бордақылау алаңы салынды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles