ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған мас мотоциклші ұсталды
ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған мас мотоциклші ұсталды, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының соңында патрульдік полиция взводының қызметкерлерімен Шемонаиха ауданы Камышинка ауылының Советская көшесінде 26 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы мотоцикл тоқтатылды.
Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққаны белгілі болды. Жүргізілген куәландыру жүргізуші көлік құралын орташа дәрежеде мас күйінде басқарғанын көрсетті, сонымен қатар ол өткен жылы 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған.
Ұсталғаннан кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, Осы баптың санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Abai Aqparat.kz