ШҚО-да 5 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды
Шығыс Қазақстанда заңсыз қызмет істеп жүрген 5 шетелдік анықталып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 шілдеде Көші-қон қызметінің қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының 5 азаматын анықтады, олар сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіру 5 жыл мерзімге жабық.
«Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға материал Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жолданды», — делінген ведомство хабарламасында.
Abai Aqparat.kz