Семейде жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Семейде уақытша тұрақта тұрған жеңіл көлік өртеніп кетті, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Семей қ. ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 10 шілдеде орын алған. Уақытша тұрақта тұрған 2014 жылы шығарылған Chevrolet cruze көлігінің қозғалтқыш бөлігіндегі, басқару панелі, көлік салоны, жеке заттары өртенді. Құтқарушылармен 4 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі — қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу.

Abai Aqparat.kz

Related Articles