Семейлік тұрғын алаяқтыңқұрбаны болды

Семейлік алаяқ қала тұрғынының атына смартфон рәсімдеген, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың маусым айының соңында Семей қ.ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына 18 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ол 30 наурызда белгісіз тұлға интернет-мессенджер арқылы көмек көрсетуді сылтауратып оның ақшалай қаражатын алдап алғанын және оның атына тауарлық несие ресімдегенін айтқан.

Одан әрі талқылау барысында қаскүнем зардап шегушінің атына құны 278 000 теңге тұратын смартфон алғаны анықталды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықталып, бұл қылмысқа қатысы бар 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұсталды. Оған қатысты келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 — бабы 1-бөлігі-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, аталған баптың санкциясы — мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Abai Aqparat.kz

Related Articles