ШҚО-да компания филиалының басшылығы 2.8 млн. теңгені жымқырған

Өскеменде компания филиалының басшысы 2.8 млн теңге жымқырған, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың маусым айының соңында Өскемен қ. ПБ Сол жағалау ПБ кезекші бөліміне қаладағы ЖШС бірінің даму жөніндегі 42 жастағы менеджері жүгінді. Өтініш білдірушінің айтуынша, компанияның екі директоры супермаркетті дамытуға арналған шамамен 2 800 000 теңге қаражатты ысырап еткен.

«Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында 35 және 32 жастағы ақшаны жымқырған күдіктілер ұсталды.
Ұсталғандарға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189 – бабының 2-бөлігі-сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген баспасөз ақпаратында.

Еске сала кетейік, осы баптың санкциясымен 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Abai Aqparat.kz

Related Articles