Шығыс Қазақстанда велосипед ұрлығының жеті эпизодын жасаған күдікті ұсталды
ШҚО-да полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде велосипед ұрлығының жеті эпизодын жасаған күдіктіні анықтады, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 27-28 маусым аралығында Риддер қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғындарынан арыз келіп түскен, олардан қаскүнем жалпы сомасы 400 000 теңгеден астам велосипед ұрлаған. Ер адам өзінің олжасын тұрғын үйлердің кіреберістерінен тапқан, содан кейін оны басқа тұрғындарға сатқан немесе өзі тепкен.
Көп ұзамай оны сәтті ұстау жүзеге асырылды. Қылмысқа қатысы бар 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188 — бабы 1-бөлігі-ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Abai Aqparat.kz