Семей және Курчатов қалаларындағы қоқыс мәселесі қатай бақылауға алынды
Тұрғындардың толассыз шағымынан кейін, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей және Курчатов қалаларындағы қоқыс мәселесін жүйелі шешуді тапсырды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Қазіргі таңда облыс аумағындағы қоқыс жинау мәселесі қатаң қадағалауға алынды. Тұрғындар шағымының көбі Семей қаласындағы қоқыстың уақытында шығармалауы төңірегінде өрбіген. Қазіргі таңда
қала әкімдігі қоқыс жинау мәселесін қосымша ұйымдарды қосу және қосымша техника тарту арқылы шешу жоспарлануда. Семей қаласы әкімдігінің деректері бойынша осы мәселені шешу бойынша жаңа іс-қимыл алгоритмі әзірленуде.
Семей және Курчатов қалаларында арнайы рейдтер ұйымдастырылады. Тұрғындардың шағымы толық бақылауға алынды.
Abai Aqparat.kz