ШҚО-да ер адам бақшасында есірткі өсірген

Ағымдағы жылдың маусым айының соңында Серебрянск қаласында есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

ШҚО ПД баспасөз өызметінің хабарлауынша, ұсталған адамның тұрғылықты жерін тінту барысында «қарасора» өсімдігінің 74 бұтасы, өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакеті, сондай-ақ ерекше иісі бар заттың бір шайындысы табылып, тәркіленді.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, бұталар каннабис өсімдігі болып табылады және жалпы салмағы шамамен 540 грамм болатын есірткі заттарына жатады. Сондай-ақ, тәркіленген пакетте 146 грамнан астам кептірілген марихуана бар екені анықталды.
Ер адам өз бақшасында қарасора өсіріп, бір қап марихуананы кір жуғыш машинаға жасырып қойған.
Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды», — делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300 — бабы 1-бөлігі-құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles