Абай облысында «Еңлік-Кебек» монументі қалпына келтірілуде

Абай облысында «Еңлік-Кебек» монументі қалпына келтірілуде, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Абай ауданы аумағындағы «Еңлік-Кебек» кесенесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ғашықтардың құрметіне ескерткіш орнатылады. Жұмыстарды қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарлануда.

Abai Aqparat.kz

Related Articles