Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі
Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасы үш бөлмелі пәтерге ие болады.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Жарма ауданында құрғақ шөптің жануын сөндіру кезінде болған. Айдостың денесін қатты күйік шалды.
«Abai Aqparat» редакциясы Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен байланысып, сұхбат барысында «Фирма Азия» ЖШС марқұмның отбасына «Қарағайлы» шағын ауданынан үш бөлмелі пәтер беретінін жеткізді.
Айдос Тоғызбаев 36 жаста еді. Оның артында бес баласы қалды.
Төтенше жағдайлар министрлігі Айдос Тоғызбаевты үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттауға ұсынды.
«Фирма Азия» ЖШС ұжымы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтады.
Abai Aqparat.kz