Семейде ЖЭО-3 құрылысының перспективалары талқыланды
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен «Русатом Сервис» АҚ «Жылу энергетикасы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Валерий Хромов Семейде ЖЭО-3 салу ісіндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Абай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, нысанды салу әрекеттері он жарым жыл бұрын басталған, бірақ әртүрлі инвесторлармен келісімдерге қол жеткізілген жоқ.
Айта кетейік, қаланы орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан асатын 3 ірі жылу көздерімен қамтамасыз етіледі.
Abai Aqparat.kz