Семейде оқушыларға арналған тегін робототехника орталығы ашылды

Семейде оқушылар мен жастардың шығармашылық сарайында «Сәби»республикалық қайырымдылық қоры сыйға тартқан заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа робототехникалық орталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Абай облысының басшысы Нұрлан Ұранхаев қатысты, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

  • Осындай қолдаудың арқасында көптеген балалар ғылыми-техникалық салада, инновациялық салада білім алуға мүмкіндік алды. Семейде жаңа цифрлық орталықтың ашылуы біздің облысымыздың балалары үшін өзекті, өйткені робототехника – болашақтың ең мүмкіндігі жоғары бағыттарының бірі. Біз балаларға жаңа білім алуға және өз әлеуетін іске асыруға көмектесетін барлық жобалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұрлан Уранхаев.

Жаңа кабинет «Activepanel AP 75» сенсорлық моноблогымен, радиобасқарылатын үлгілерді жасауға арналған робототехникалық жинақпен, модельдерді құюға арналған «CREATOR Pro» 3Д принтерімен, футбол алаңдары мен футбол роботтарын ойнауға арналған инфрақызыл доптармен жабдықталған. Семейдегі орталықтың жалпы ауданы – 75 шаршы метр, жобаның құны 26,3 миллион теңге. Орталықта 10 жастан 18 жасқа дейінгі балалар айналыса алады. Балалар жаңа жабдықтарға ықыласпен және дайындықпен үйреніп, болашақта республикалық және халықаралық конкурстарда көрсетілетін жобалармен жұмыс жасай алды.

  • Market Research Future зерттеуіне сәйкес робототехниканың жаһандық нарығы жыл сайын 22,8% – ға өседі және 2030 жылға қарай $214,68 млрд.долларға жетеді деп күтілуде. «Сәби» қоры 20 жылдан астам Қазақстанның өңірлік қалаларында қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып келеді және бізде дарынды балалар мен талантты педагогтардың көп екеніне көзімізді жеткіздік. Бұл бізге робототехника орталықтары сұранысқа ие болады және жоба жақсы нәтиже береді деп болжауға негіз береді, – деді Әсел Тасмағамбетова.

«Сәби» қорының негізін қалаушылар Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев балаларды жаңа технологияларға тарту процесіне риза болды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles