Семейде шомылу маусымында 20 адам суға батып кеткен
Семейде шомылу маусымының қорытындысы бойынша брифинг өтті. ТЖБ бастығының орынбасары Қымбат Көпбаев облыс аумағында 2022 жылдың басынан бастап 20 адам, оның ішінде 4 бала суға батып кеткенін айтты. Негізінен жазатайым оқиғалар шомылу кезеңінде орын алған, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Қ.Көпбаев шомылу маусымы басталар алдында Абай облысы бойынша су айдындарының жағасында бетон негізі бар «Шомылуға тыйым салынады» деген белгілер орнатылғанын атап өтті.
«Рейдтік іс-шаралар барысында бетон белгілері сынған және жерге құлап жатқан фактілер тіркелді. Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан, егер олар осы фактілердің куәгері болса, полицияға хабарлауды сұрағым келеді. Біз белгілерді бекер орнатпаймыз, адамдар бұл аймақта шомылу қауіпті екенін білулері үшін орнатамыз. Біз осылайша судағы адам өлімін азайтуды қалаймыз», — деп атап өтті Қ.Көпбаев.
Адам өлімінің ең көп саны Ертіс өзенінде тіркелді, қалған жағдайлар Шүлбі су қоймасында, Шар өзенінде, Алакөл және Арасан көлдерінде тіркелді. Қызметкерлермен 12 адамды құтқарылды.
Статистика көрсетіп отырғандай, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның өз кінәсінен болады. Шамадан тыс өзіне деген сенімділік, өз күштері мен мүмкіндіктерін дұрыс бағаламай, судағы өзін-өзі ұстау ережелерін ескермеу, атап айтқанда тыйым салынған және таныс емес жерлерде шомылудың, алкогольдік масаң күйде болудың нәтижесінде жазатайым оқиға орын алады.
ТЖД 22 жасақ-құтқарушы оқытылғанын атап өтті. Облыс аумағында бірінші жағалау сызығында орналасқан 8 демалыс базасы бар, барлық демалыс базаларында акватория түбін тексеру және тазалау жүргізілді, сондай-ақ 1 коммуналдық жағажай бар, ол жерде де су түбін тексеру жүргізілді.
Abai Aqparat.kz