Семейде 29 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталады
Семей әкімдігінде жылыту маусымының басталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
«Алдағы уақытта сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының төмендеуіне байланысты Семей қаласының әкімдігі 2022 жылғы 29 қыркүйектен бастап жылумен жабдықтау жүйесін іске қосуды бастау және қала нысандарын жылумен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте жылумен әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, ауруханалар және т.б.) қамтамасыз етіледі», — деп түсіндірді қалалық әкімдікте.
Сонымен қатар, әкімдікте нысандарды қосу кезең-кезеңмен жүргізілетінін нақтылады. Айта кетейік, 29 қыркүйекте облыс орталығында алғашқы қар жауды.
Abai Aqparat.kz