Абай облысында өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Абай облысында 15 қыркүйектен бастап өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Абай облысы ТЖД-ң хабарлауынша,  2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары дайындалған. Бұл туралы Абай облыстық ақпараттық орталығында өткен баспасөз-конференциясында Абай облысының ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділ Братаев айтып берді.

Мәселен, өткен қыста халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1532 датчик орнатылды. Нормаларға сәйкес тағы 5080 көміртегі газының датчиктерін қосымша орнату қажет. Рейдтер барысында бұрын орнатылған көміртегі газының датчиктер, сондай-ақ олардың іске қосылу фактілеріне мониторинг жүргізіледі.

«Жылыту кезеңінде ұзақ уақыт бойы өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзушылықтар жойылмайтын тұрғын үйлер бақылауға алынатын болады, «ескі ғимараттың» көппәтерлі үйлеріне ерекше назар аударылатын болады. Анықталған барлық бұзушылықтар туралы жергілікті атқарушы органдар хабардар етіледі», — деп түсіндірді облыстық Абай облысының ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділ Братаев.

Ә.Братаев айтуынша, тұрғын үй секторындағы өрт шығуының негізгі себебі халықтың отпен абайсызда жұмыс істеуінен. Статистика көрсеткендей, 33% жағдайда тұрғын үй секторындағы өрттер өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін орындауға жауапсыз қарайтын адамдардың кінәсінен туындайды.

«Екінші кең тараған себеп пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып табылады, бұл өрттердің жалпы санының 32% — ын құрайды. «Пеш» өрттерінің шыңы жылыту маусымына, суық мезгілге келеді. Пәтер жалдаушылар мен үй иелері, саяжай үйлері мен моншалардың иелері жазғы кезеңде пешпен жылытуды пайдалану дағдыларын жоғалтады, сақтық шаралары туралы ұмытып кетеді», — деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап облыс аумағында еріктілерді тарта отырып, өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында бүгінгі таңда 312 рейдтік іс-шара өткізілді.

Ә. Братаев сондай-ақ ТЖД полиция департаментімен, тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бірлесіп, 15-30 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Жатақхана» алдын алу шарасы өтіп жатқанын хабарлады.

Облыс аумағында отбасылық үлгідегі 35 жатақхана бар (31 — Семей қаласы бойынша, 1 — Курчатов қаласында, 3 – Бородулиха ауылында). Өткізілген іс-шара аясында барлық жатақханалар алдын алу жұмыстарымен қамтылды. Жатақхана өкілдерімен және қала кәсіпкерлерімен «Тұрғын үй-жайларда және тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді, тұрғындарға жадынамалар табыстала отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша әңгімелер жүргізілді, жатақхана кіреберістерінде өртке қарсы тақырыпта үгіт материалдары орналастырылды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles