Тұңғыш Президент барлық өкілеттіктерін қолданыстағы Президентке тапсырды

Партия төрағасы болып Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан сайланды, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Біріншіден, партия төрағасы болып Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан сайланды. Осылайша, биліктің саяси транзиті аяқталды, Тұңғыш Президент барлық өкілеттіктерін қолданыстағы Президентке тапсырды.

Екіншіден, Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаға түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті.

– Азаматтық қоғам институттарына үлкен міндеттер жүктеледі. Саяси партиялар ерекше рөл атқару тиіс. Олардың ішінде біздің партия ерекше орын алады, – деді Президент. Мемлекет өмірінің барлық салаларында осы түбегейлі өзгерістердің жүзеге асырылуы үшін Nur Otan партиясы мүшелерінің бұл процеске тиімді қатысуы қажет. Ол осы процесстегі партияның рөлі туралы өзінің көзқарасын білдірді. Және де партияны Елеулі апгрейд күтіп тұрғаны туралы айтты. Партия оны іске асыруға белсене кірісіп, Қазақстанның прогрессивті өзгерістері мен жаңаруының нағыз қозғаушы күші болуға тиіс.

Президент айтқандай: «Бұл косметикалық қайта жүктеуді емес, партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құруды қажет етеді». Үшіншіден, Қ.Қ. Тоқаев соңғы уақытта Тұңғыш Президент саясатының сын-ескертпелері мен кулуарлық талқылаулары көп болғанын айтты. Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегін ұмытуға немесе оны төмендетуге болмайды. Әсіресе, Тұңғыш Президенттің тарихи еңбектері туралы айтатын болсақ.
– Тұңғыш Президентіміз қуатты мемлекет құруға зор үлес қосты. Ол Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде Отанымыздың және әлемдік тарих парақтарында қалатыны сөзсіз. Елбасының 30 жыл ішінде ел мүддесі үшін атқарған жұмысын жоққа шығаруға болмайды. «Бұл тарихқа құрметсіздік», – деді Мемлекет басшысы. Мен Тұңғыш Президенттің мемлекетіміздің шекарасы туралы мәселені заңды шешудегі рөлін ерекше атап өткім келеді.

Ел шекараларының реттелмеуі болашақта үлкен қақтығыстарға әкелуі мүмкін. Шынында да, Қытаймен құрлық шекарасы 1 700 км-ден асады, ал Ресей Федерациясымен шекара шамамен 7 600 км құрайды және мемлекеттер арасындағы әлемдегі ең ұзын болып табылады. Әрине, соғыстардың негізгі себептері болып табылатын мемлекеттер арасында әрдайым аумақтық мәселелер болады.

Оның дұрыс шешімдері мен жеке қасиеттерінің арқасында еліміздің шекаралары мойындалды және заңды түрде бекітілді. Оның ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Борис Ельцинмен достық қарым-қатынасы осы мәселені шешуге мүмкіндік берді. Осылайша, Нұрсұлтан Әбішұлы елдің мемлекеттік шекаралары туралы мәселені толығымен жауып, Қазақстанның аумақтық тұтастығын заңды түрде бекітті.

Мен Нұрсұлтан Әбішұлының ядролық қарудан бас тартудағы еңбегін атап өткім келеді. Біз ШҚО тұрғындары Семей ядролық полигоны үлгісінде ядролық қарудың не екенін жақсы білеміз. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық қару кешені мұра болды. Сол кезде көптеген мемлекеттер ядролық қарудың иегері болуға құштар еді, ал Тұңғыш Президент ядролық қарудан толық бас тартып, Қазақстанды ядролық қарусыз аймақ деп жариялау туралы парасатты шешім қабылдады.

Көптеген адамдар ядролық қаруды армандаған, ал біз, керісінше, бас тарттық. Бұл шешім халықаралық бедел мен әлемдік қоғамдастықтың біздің тәуелсіздігімізді мойындауын арттырды.

Менің өмірімнің бір бөлігі КСРО дәуірінде өтті. Мен КПСС тарихымен таныспын. Партияның әрбір келесі жетекшісі ревизиямен айналысып, мемлекет өмірінің алдыңғы кезеңдеріне теріс баға берді, партия жетекшісінің рөлін бағалады. Бұл КСРО басшылығының жаман дәстүріне айналды. Бұл әсіресе КПСС-тың 20-съезінде өткір болды. Біздің кейбіреулеріміз ұқсастықтарды қалаған. Мен бұл мысалдың қайталануын қаламас едім. Кеше біз тұңғыш президенттің қызметін Мемлекет басшысының сарабдал, шығыстық парасатты және объективті бағалауының куәсі болдық.

Президент айтқандай: «Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегін ұмытпайық. Ақыр соңында, объективті және шыншыл болу керек. Өткенін жамандаған халықтың болашағы жоқ». Осылайша, бұл съезд қоғамдағы барлық қажетті өзгерістер, біріншіден, эволюциялық жолмен, екіншіден, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарында іске асырылады деген үміт берді, – дейді Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов.

OkSemey.kz

Related Articles