Аягөз мектебінде мобильді телестудия, STEM-зертхана және музыка кабинеті ашылды

2022 жылғы 2 желтоқсанда сағат 11:00-де Абай облысы Аягөз ауданының Аягөз қаласында, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына енген, жаңартылған мектептің тұсаукесері өтті. Жобаның аясында білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылды. Мектеп оқытушылары НЗМ мамандарынан оқытудан өтіп, әдістеме алады. Мектепте 1051 бала оқиды, 100 мұғалім жұмыс істейді.

Аягөз мектебі бойынша жобаның нәтижелері «Ашық есік күні» форматында өткен іс-шара барысында ұсынылды. Онда ұйымдастырушылар оқу бағдарламасының нәтижелері туралы айтып, жаңартылған оқу орнының тұсаукесерін өткізді.

Мектепте материалдық-техникалық базаны толық жаңарту жүргізілді: 32 оқу кабинеті, кітапхана, технология шеберханалары жарақтандырылды. Сонымен қатар, қазір мектепте кәсіби мобильді мектеп телестудиясы, STEM зертханасы, музыка кабинеті бар. Мұның бәрі мектепке болашақта ауданның магниттік мектептеріне тәжірибені сәтті таратуға мүмкіндік береді.

Материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша жұмыс «Қазақстан Халқына» қорының 249 825 000 теңге сома демеушілік қаражатына жүргізілді.

«Аягөз қаласындағы мектеп – Қор бағдарламасы аясында жабдықталған және ұстаздарға оқыту курстары мен тағылымдама түрінде көрсетілген әдістемелік көмек алған бесінші тірек мектеп. Осылайша біз оқу орнының жақын маңдағы шағын комплектілі мектептер үшін құзіреттілік орталығына айналғанды көздейміз. Оқушылар мен мұғалімдер материалдық-техникалық базаның нығаюы тәжірибелік білім мен дағдыларды арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтуде», – деді «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ресми өкілі-баспасөз хатшысы Диас Бейсенбек.

Beeline Kazakhstan компаниясы жобаның доноры болды. «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы үшін алынған қаражаттан «Қазақстан халқына» қорымен ынтымақтастық аясында – 2 млрд теңге Beeline Қазақстан компаниясымен бөлінді. Бұл қаражат жобаға қатысушы 17 мектептің 8-ін жаңғыртуға жұмсалады.

«Біз 2020 жылдан бастап, серіктестермен бірлесіп «250+» жобасын іске асырудамыз, оның арқасында мобильді интернет пен Beeline байланысы 1500 астам аулдарда бар. Енді осы ауылдың тұрғындары Интернетке қолжетімділік қаланікімен бірдей мүмкіндікке тең. Жоба тірек мектептерін дамыту, сондай-ақ ауыл балаларына сапалы бәсекеге қабілетті білім алуға қол жеткізу арқылы тең мүмкіндіктерді құруға ықпал етеді. Сондықтан Beeline Қазақстан бұл маңызды бастаманы қуана қолдап отыр және біздің қаражатымызбен, бұл шамамен 2 миллиард теңге туралы айтып отырмыз, еліміздің әр өңіріндегі 8 ауыл мектебі үздік зияткерлік мектептердің стандарттарына дейін жеткізіледі. Аягөздегі мектеп те олардың санына енді», – деп түсіндірді Евгений Настрадин, Beeline Қазақстан, Бас атқарушы директор.

Білім беруді тұрақты дамыту қоры мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мамандары мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасына талдау жүргізді. Нәтижелер мектепті тірек ретінде дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін пайдаланылады.

«НЗМ» ДББҰ және оның құрылымдық бөлімшелері мектептің педагогикалық ұжымымен жұмысты жалғастырады, пәндер бойынша оқыту курстарын өткізеді және жаңартылған жабдықтарда жұмыс істеу бойынша оқыту мақсатында ауыл мұғалімдерінің тағылымдамасын ұйымдастырады.

Сонымен қатар, мұғалімдерге қажетті біліктілікті арттыру курстары анықталды. Жоба аясында Қарағанды қаласының НЗМ мектебінің базасында тірек ауыл мектептері мұғалімдерінің тағылымдамадан өту бағдарламасы басталды. Тағылымдамалар демалыс кезеңінде өткізілді және жоба іске асырылған сайын жалғастырылатын болады.

Қараша айында Семей қаласының НЗМ базасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша 2 күндік оқыту курсы өткізілді. Пән мұғалімдеріне арналған 14 мектеп пәні бойынша курстарды республикалық білім беру бағдарламалары орталығының (Астана қ.) жаттықтырушылары өткізді.

Педагогикалық құрам үшін жаттықтырушыларды тарта отырып, қарқынды оқыту бағдарламасы 2023 жылдың ақпанына дейін өткізілетін болады. Қарқынды бағдарлама аяқталғаннан кейін мектеп 2025 жылға дейін үш жылдық әдіснамалық қолдауға көшеді.

Оқыту мен әдістемені НЗМ мамандары өтеусіз негізде ұсынады, ал әкімшілік және ұйымдастырушылық іс-шараларға жұмсалатын шығындар AITAS холдингінің демеушілік қаражаты есебінен өтеледі.

«Aitas KZ» ақ әлеуметтік даму жөніндегі вице-президенті Ксения Верба холдингтің ауылдық аудандардың тұрақты дамуына ерекше назар аударатынын атап өтті.

«Біз мектептің Қауымдастық орталығы ретінде әрекет етуін, ауыл өмірінің орталығы болғанын және белсенді азаматтар мен мектеп оқушыларының ата-аналарын мектептегі білім беру процестеріне тартқанын қалаймыз. Сонда біз Қазақстандағы ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы жоғары деңгейде болатынына сенімді бола аламыз», – деп атап өтті Ксения Верба.

Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев Қордың жоспарлары туралы айтып, қатысушыларға жобаға назар аударғаны үшін алғысын білдірді.

«Бүгін біз демеушілеріміз бен серіктестеріміз еліміз үшін өте маңызды жобаны жүзеге асырып жатқанымызға сенімдімін. Ауылдық жерлерде қазақстандық балалардың 40% – дан астамы оқиды және оларға сапалы білім алуға және өз таланттарын ашуға мүмкіндік беру маңызды. Біздің жоба қазірдің өзінде 13 мың баланың өміріне әсер етті, бірақ бұл тек бастамасы. Біз еліміздің барлық аудандарын қамтуды жоспарлап отырмыз және ауылдық білім беру сапасына елеулі әсер етеміз деп үміттенеміз», – деді Данияр Тоқтарбаев.

Abai Aqparat.kz

Related Articles