Әлібек Қуантыров Абай облысының тұрғындарымен кездесті
Өңірге жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Приречное ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Азаматтар әлеуметтік нысандарды, оның ішінде демалыс орындарын, балалар алаңдарын, жолдарды және т.б. нысандарды салуға байланысты мәселелерді көтерді.
Приречное тұрғындары кадр тапшылығы туралы айтты. Олардың сөзінше, ауылға келген жастарды ынталандыру керек.
Министр атап өткендей, бұл мәселе «Дипломмен ауылға» жобасы аясында шешілуде.
«Биыл облыста 160-қа жуық жас маман мемлекеттен қолдау алды. Тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие беруге 700 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Болашақта қаражат көлемі ұлғаяды», — деді Ә.Қуантыров.
Сонымен қатар, жерглікті тұрғындар мәдениеттің дамуына да назар аударуды сұрады. Атап айтқанда, «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында бұрын көркемөнерпаздар байқауы мен түрлі сайыстар өткізілген ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмысы керектігін жеткізді.
Министр әлеуметтік нысандарды салуға басымдық берілетінін атап өтті. Ауылдық клубқа келетін болсақ, бұл мәселе жергілікті деңгейде шешілетін болады. Келесі жылдан бастап жөндеуге арналған ағымдағы шығыстар облыс әкімдіктеріне беріледі. Яғни, әрбір аудан министрлікке емес, облыс әкімдігіне әлеуметтік нысандар мен жол инфрақұрылымын жөндеуге өтінім беруі тиіс.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары кентішілік жолдарды жөндеуді, көше жарығын орнатуға және спорт кешенін салуға жәрдемдесуді сұрады.
Бұл мәселелер Абай облысын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде шешіледі. Құжат ҰЭМ облыс әкімдігімен бірлесіп әзірленіп, жақын арада қабылданады.
Халықпен кездесуден соң ҰЭМ басшысы 1977 жылы салынған Приречное жалпы орта білім беретін мектебін аралады.
2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» аясында Абай облысында 23 ауылда 50 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 4,6 млрд.теңге бөлінді.
Қаражат 9 әлеуметтік, 13 тұрғын-үй комуналдық шаруашылық нысанның және 28 көлік инфрақұрылым объектісін жаңғыртуға бағытталған.
Abai Aqparat.kz